Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында Кірістер департаментінің қызметкерлері тергеу изоляторына барды

Қызылорда облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің ұйымдастыруымен Облыстық кірістер департаментінің 16 қызметкері ЗК-169/1 тергеу изоляторына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезіну, сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылылық салдарымен таныстыру үшін оларды қамаудағылар әлеміне енгізу.

Тікен сымдардың арғы жағындағы экскурцияның мемлекеттік қызметкерлер үшін тәрбиелік мәні зор болды. Себебі мекеме бастығының орынбасары Азамат Әмірбек экскурцияға келушілерді тергеу изоляторының арнайы контигенттер ұсталатын аймағындағы шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар жататын жатахананы, камераларды аралатып, қылмыскерлердің ұсталыну жағдайымен таныстырып шықты.

– Біздің ЗК-169/1 тергеу изоляторының негізгі міндеті – күдіктілер мен айыпталушылар және тергеудегілер мен бес жылға дейінгі сотталғандарды ұстау және олардың режим тәтібін қадағалау мен сотталған азаматтардың жаза мерзімін өтеу барысында өмірге қайта тәрбиелеу. Яғни, мұнда сот үкімі заңды күшіне енгенге дейінгі айыпталушылар мен күдіктілер және шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар отырады. Толтыру лиміті – 430, бүгінгі таңда қамауда 250-ге жуық контигент бар. Сонық ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысының 366-367-баптары бойынша қамауда ұсталынып отырғандар да бар. Олар өздеріңіз секілді мемлекеттік қызметте болған азаматтар. Бұл азаматтар жазалау орындарына алғаш түсіп отырғандықтан өзге қылмыскерлерден оқшауланып, бөлек камераларда ұсталынады. Алайда тәртіп пен талап бәріне бірдей, – деді А.Темірбекұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру