Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1000-нан аса құқық бұзушылық анықталды

Петропавлда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1000-нан аса құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтардың ең кең тараған түрінің бірі – отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық. Кейбір әйел адамдар осындай жағдайларда өздерін қалай қорғауын білмейді, сондықтан полиция қызметкерлерімен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Петропавл қаласында осы жылдың 7 айында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 10 қылмыс тіркелді. Құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 1 187 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 123 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Отбасылық жанжалдарға қатысты 756 қорғаныс ұйғарымдары енгізіліп, жүріс-тұрысқа 159 ерекше талап белгіленді. ҚР ӘҚБтК 461-бабына сәйкес қорғау ұйғарымдарының талаптарын бұзғаны үшін 83 адам жауапкершілікке тартылды. Петропавл қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының ұсынымдары бойынша 192 құқық бұзушының жүріс-тұрысына ерекше талаптар қойылды.

Бұдан бөлек, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттерден зардап шеккендердің қауіпсіздігі үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған уақытша болу және тұру орталығына 5 әйел мен 3 бала орналастырылды.

– Әйелі немесе күйеуі ішімдік ішетін отбасылар ерекше бақылауда. Осындай жағдайларда, сот шешімі бойынша полицейлер жанжалқойды маскүнемдіктен және нашақорлықтан емделу үшін 6 айдан астам мерзімге мамандандырылған медициналық мекемелерге жібереді. Құрметті азаматтар! Егерде сіз немесе сіздердің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен болса – “102” жедел арнасына немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністеріне 8 (7152) 49-31-58; 8 (7152) 61-25-30 телефондары бойынша хабарласу керек немесе Telegram-арнасына хабарлама жіберуге болады. (https://t.me/mejdunamigovory). “Әйелдерді қолдау орталығы” ҚБ дағдарыс орталығының сенім телефоны: 8 (7152) 46-13-26. Қоңырауларды қабылдау кезінде құпиялық қағидаты қатаң сақталады, бұл әйелдермен жұмыс жүргізу барысында белгілі болған деректерді жария етуге мүмкіндік бермейді, – дейді Петропавл қаласының ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру