Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда бейнекамералардың көмегімен 14 600-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Көкшетауда бейнекамералардың көмегімен 14 600-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі жағдайда полиция жасақшалары жұмысының жеделдігі мен тиімділігін арттыруға ақпараттық технологияларды белсенді енгізу ықпал етеді. Басым бағыттардың бірі – азаматтар көп жиналатын жерлерде және қаланың ең криминогенді учаскелерінде бейнебақылау жүйелерін орнату.

Қылмыстардың көпшілігі, әдетте, азаматтар көп жиналатын жерлерде, орталық алаңдарда, базарлардың, вокзалдардың және вокзал маңындағы алаңдарда тіркеледі. Көкшетауда қолданыстағы бейнебақылау жүйесінің көмегімен биыл 160 қылмыс ашылып, 14 600 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды.

Бүгінгі күні облыс орталығындағы жедел жағдайды тәулік бойы 180-нен астам сыртқы бейнебақылау камерасы бақылайды, 100-ге жуығы көше қиылыстарына, 30-дан астам қоғамдық орындар мен тұрғын үй алаптарының аулаларына орнатылды. Әр мониторға бейне жазбаларды үнемі қарап отыратын бейнебақылау инспекторы бекітілген. Көбінесе инспектордың кәсібилігінен қылмыстың “ізі суымай” ашылуы байланысты.

Бейнебақылау камераларының алдын-алу тұрғысынан пайдасы айқын, өйткені олар ықтимал құқық бұзушылар үшін тежеуші фактор болып саналады. Бейнекамералардың бар екенін білетін қала тұрғындары қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеуге тырысады.

Жедел басқару орталығына барлық жедел ақпарат келіп түседі және осы жерден полиция қызметтерінің барлық күштері мен құралдарын басқару жүзеге асырылады. Бұл бөлімшенің полициядағы қызметі бір минутқа да тоқтатылмайды. ЖБО бейнекамераларынан басқа, мұнда 2600-ден астам, оның ішінде теміржол вокзалының, әуежайдың, ҚАЖД мекемелерінің, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының ғимараттарында және жеке меншік объектілерде орнатылған бейнебақылау камераларының деректері шығарылған.

Айта кету керек, полицейлердің, “Қазақтелеком” АҚ бастамасымен облыс орталығында көп пәтерлі үйлердің подъездері мен аулаларында 1070 бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл бейнекамералар онлайн-қарау функциясы бар Жедел басқару орталығына шығумен қосылған.

Биыл “102” арнайы желісіне әртүрлі сипаттағы 72 300-ден астам хабарлама келіп түсті, олардың 26375-і бойынша дереу әрекет ету қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру