Қызылорда облысында мал ұрлаған үш адам ұсталды
Қызылордалық полицейлер мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Арал ауданы Тоқабай елдімекенінің жайылымынан 61 жастағы жергілікті тұрғынның 4 бас сиыры ұрланған.
Келтірілген шығын көлемі 720 000 теңгені құрады.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел - іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ауданның үш тұрғынын анықтап, олардан айғақ заттар алынды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.