Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полицейлер студенттерге есірткіге қарсы дәріс өткізді

Қызылорда облысында полицейлер студенттерге есірткіге қарсы дәріс өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің жатақханасында студенттермен кездесу өткізіп, есірткі қылмысының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара AMANAT партиясымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Кездесуге есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және киберқылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері қатысты. Тәртіп сақшылары студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын түсіндіріп, заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді.

Шара барысында буллинг, кибербуллинг, интернет қауіпсіздігі, лудомания, нашақорлық және зорлық-зомбылық секілді өзекті мәселелер қозғалды. Сонымен қатар есірткі айналымына қатысқаны үшін қарастырылған заң талаптары мен қылмыстық жауапкершілік шаралары кеңінен түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, зиянды әдеттердің алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру