Қазалыда пробация есебінде тұрған сотталған азамат тазалық жұмыстарына тартылған
Сот үкімімен 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасына сотталған азамат тазалық жұмыстарымен айналысып жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталған азаматтардың жазасын қоғамнан оқшауламай өтеуді ұйымдастырудың маңызы зор. Сотталғандарды бас бостандығынан айырмай жазалаудың бір түрі -қоғамдық жұмыстарға тарту болып табылады. Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза сот үкімі күшіне еніп, сотталған азамат пробация қызметінің есебіне алынған соң, жергілікті атқарушы органдар бекіткен жұмыс обьектілерінде 10 күн ішінде орындалады.
Осындай қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтың бірі – Бауыржан Қазалы аудандық пробация қызметінің есебіне 2020 жылдың қазан айында қойылған. Оған сот үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) 80 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы белгіленген.
Қазіргі таңда бұл азамат күніне 4 сағаттан Көларық ауылдық округін абаттандыру, санитарлық тазарту жұмыстарымен айналысады.
– Біз жергілікті әкімдікпен бірге сотталған азаматтың қоғамдық жұмысты қалай істеп жүргенін тексеріп тұрамыз. Егер сот үкімімен белгіленген сағаттарды толығымен орындаса, бұл азамат пробация есебінен шығарылады,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы Е.Сражатов.