Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі адамдар мекенжайы бойынша тексеріліп жатыр

Қызылорда облысында “Есептегі тұлға” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 15-25 мамыр аралығында қалалық және аудандық пробация қызметтерінде “Есептегі тұлға” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Профилактикалық шара аясында Арал аудандық пробация қызметінің инспекторлары мен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және прокуратура өкілдерімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға тұрғылықты жері бойынша тексеріп жатыр.

Тексеріс барысында есептегі тұлғаларға сот жүктеген міндеттерді орындау керектігін, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасамауды ескертіп, олармен профилактикалық сұхбаттар жүргізілді. Қазіргі уақытта Арал аудандық пробация қызметі тобының есебінде барлығы 60 сотталған тіркеуде тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру