Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 55 ата-ана жауапқа тартылды

Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері үнемі рейдтік іс-шаралар кешенін өткізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар саябақтар мен алаңдарды, қараусыз қалған үйлерді және жасөспірімдер жиналатын басқа да ықтимал жерлерді тексерді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сату деректері де анықталды.

Рейд кезінде полиция қызметкерлері қаладағы екі ойын-сауық мекемесінде сағат 22:00-ден кейін ересектердің еріп жүруінсіз болған 18 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кафе иелері ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру) бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

– Түнгі қаладағы балаларға арналған қатаң ережелер – олардың игілігі үшін. Ата-аналар бізге дауыс көтеріп, айқай-шу шығарып жататын кездер де болады. Бірақ, олар көшедегі кәмелетке толмаған жасөспірімнің кездейсоқ, абайсызда жағымсыз жағдайға немесе нашар ортаға түсіп қалуы мүмкін екенін түсінбейді. Біздің мақсатымыз-балаларды қорғау, – деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалары бойынша аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Облыс бойынша кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін барлығы 55 ата-ана жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру