Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіне алынғандарға әлеуметтік дүкеннен тегін киім берілді

Қызылорда облысында пробация есебіне алынғандарға әлеуметтік дүкеннен тегін киім мен теледидар берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қазалы аудандық пробация қызметі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік хал актілерін тіркеу бөлімі бірлесіп, есептегі азаматтарға көмек көрсетті.

Пробация есебіндегі азаматтарға “Өнеге” әлеуметтік дүкенінен тегін киімдер мен теледидар берілді. Бұл дүкеннің негізгі мақсаты – тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, көмек қолын созу. Дүкенде киім-кешек, ойыншықтан бастап, тұрмыстық техникаға дейін бар.

“Өнеге” қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен ашылған әлеуметтік дүкенге қала тұрғындары көмек қолын созып, дүкенге киімдер, тұрмыстық техникаларын өткізеді. Бұл дүкеннен тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы отбасылар және пробация есебіндегі азаматтар құжаттарын көрсету арқылы киім-кешек ала алады.

– Пробация қызметінің көмегімен дүкеннен өзіме қажетті киімдерді тегін алдым. Үйдегі теледидарым бұзылып тұрғанын айтқанмын, теледидар да қосып берді. Пробация инспекторы мен жұмыспен қамту бөлімінің мамандарына алғыс айтамын, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру