Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер дүкеннен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен елорданың 25 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, қаскүнем күндізгі уақытта сауда үйіне кіріп, сатып алушы кейпінде бутиктен тауарды қарай бастаған. Сатушының басқа жаққа алданып тұрған сәтін пайдаланып, күдікті қол сағаттарын ұрлап, бутиктен шығып кеткен. Аталған ер адам осыған ұқсас тағы бір қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Дәл осылайша ол басқа дүкеннен шаш бұйралағышты ұрлап үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Бұрын сотты болған ұсталған ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру