Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың мекенжайы тексерілді

Қызылорда облысында пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың мекенжайы тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде 40-тан астам сотталған азамат тұрады. Есептегі тұлғалармен қайта қылмыс жасау фактілерінің алдын алу бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Бүгін аудан прокурорының орынбасары Ғафур Утеев пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орындарынан аралады.

Аралау барысында сотты болған азаматтармен және оның отбасы мүшелерімен жеке әңгіме сұхбат жүргізіп, отбасының тыныс тіршілігімен танысып, әлеуметтік жағдайын зерттеді. Оған қоса, сотталғанның жаза өтеу тәртібімен талаптары түсіндіріліп, туыстарынан сотталғанның тәрбиесіне оң ықпал тигізуін сұрады.

Аудандық пробация қызметінің бастығы Ержан Әбілдаевтың айтуынша, есептегі тұлғалармен үздіксіз профилактикалық шаралар жүргізіледі. Жұмыссыз болса жұмысқа орналастыру, жеке кәсіп ашамын десе құқықтық көмек беріледі.

– Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыстар атқара отырып, қоғамға бейімдеуге барынша ықпал жасаймыз, – дейді Е.Әбілдаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру