Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ҚАЖД-ның бірқатар қызметкеріне марапаттар табысталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелеріне орай салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға департамент басшылығы, жеке құрам, сала ардагерлері қатысты.

Мерекелік шарада ҚР Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Одан әрі департамент бастығы Шаймерден Есенкелдиев қос мерекемен құттықтады.

– Бұл мерекелер біздің ел азаматтарының барлық ұрпақтарын біріктіреді. Бұл күндері біз өз өмірін Отанға қызмет етуге арнаған батыл адамдарға және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетеміз. Аға ұрпақ пен жас бyынның Отанымызды қорғап, қызметте айтyлы үлес қосқанын бiз әрқашанда мақтан тұтамыз. Елiмiздiң өркендеyi жолында атқарып жатқан игi қызметтерiңiзге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендерiңiзге саyлық, мол бақыт және бейбiт ғұмыр тiлеймiз, – деді ол.

Одан әрі құттықтау сөзін Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жамуров алып, өзінің ізгі тілегін арнады.


Мерекелік іс-шара ҚАЖ қызметкерлерін, ардагерлерді марапаттау рәсімдерімен жалғасты. Яғни, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін ҚР ІІМ, ҚАЖК, ҚАЖД басшылығы тарапынан марапаттар ұсынылды. Қос мерекеге орай Азамат Әмірбек кезектен тыс әділет майоры арнаулы атағын алса, Дәулет Садуақасов кезектен тыс әділет полковнигі шенін алды. Сондай-ақ “Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медалімен Сұңғат Ибраимов, “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төсбелгісімен Рақымжан Жамбылов, “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісімен Самат Омаров марапатталды.

Бұдан бөлек департамент бастығының бұйрығымен қызметін мінсіз атқарған бірқатар қызметкерге грамота, алғыс хаттар салтанатты түрде табысталды. Салтанатты шара ҚАЖ қызметкерлері А.Рыспенбетов пен С.Шетеновты зейнеткерлікке шығарып салу рәсімімен жалғасын тапты. Департамент бастығы қос зейнеткерге қылмыстық-атқару жүйесінің беделінің биік болуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру