Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сексеуілді кескен қала тұрғыны ұсталды

Қызылорда облысында сексеуілді кескен қала тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8-18 тамыз аралығында “Киік” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу, анықтау болып табылады.

Іс-шара аясында 11 тамыз күні облыс орталығында 40 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Volvo жүк көлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан көлемі 3 кубты құрайтын заңсыз кесілген сексеуіл анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру