Қызылорда облысында тәлімгерлік кеңесі отырысы ұйымдастырылды
Қызылорда облысында жас қызметкерлер мен тәлімгерлер арасында тәлімгерлік кеңес ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы полиция басқармасында жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің қатысуымен тәлімгерлік кеңес өткізілді. Кеңес барысында қызметтік тәртіпті сақтау, заңдылықты нығайту, қызметтік әдеп қағидаларын мүлтіксіз орындау және "Заң мен тәртіп" қағидатын қатаң ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ, тәлімгерлерге жас қызметкерлердің кәсіби бейімделуіне жан-жақты қолдау көрсету, лауазымдық міндеттерін сапалы меңгерту, қызметтік міндеттерді заң талаптарына сәйкес орындауға бағыт-бағдар беру, жинақталған тәжірибемен бөлісу, қызметтік құжаттаманы жүргізу тәртібін үйрету, кәсіби этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы міндеттері жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушыларға қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтау, заң талаптарын қатаң орындау және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – әрбір полиция қызметкерінің басты міндеті екендігі ерекше атап өтілді.
– Тәлімгерлік – жас қызметкердің кәсіби қалыптасуының берік негізі. Тәжірибелі әріптестің бағыт-бағдары мен қолдауы жас маманның жауапкершілігін арттырып, заңдылық пен қызметтік тәртіпті берік ұстануына ықпал етеді. Сондықтан тәлімгерлік институтын дамыту – полиция қызметінің сапасын арттырудағы маңызды бағыттардың бірі, – деді Қызылорда қаласы полиция басқармасының бастығы.
