Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында тараптар аудио-бейне байланыс қосымшасы арқылы сот отырысына қатыса алады

Қызылорда облысында тараптар аудио-бейне байланыс қосымшасы арқылы сот отырысына қосыла алады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде сотталған азаматтар ҚР ҚК-нің 72-бабы (Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату), ҚР ҚК-нің 73-бабы (Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру, не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту) бойынша өтініш білдіріп, іс Zoom бағдарламасы арқылы мекемеде онлайн қаралады.

Жазасын өтеушілердің қылмыспен келтірілген шығындарын толық өтеп, түзелу жолына түскен тәртібі түзу сотталған азаматтарға ізгілік актілері қолданылып отыр. Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот отырысы онлайн режимде Zoom бағдарламасы арқылы қаралып жатыр. Сот отырысына қатысушыларға сот процесіне қашықтықтан қатысуға мүмкіндік беретінін гаджеттер арқылы сот процестерін өткізу айтарлықтай жылдамдататынын, сот төрелігіне кедергісіз және қолайлы қолжетімділікті қамтамасыз ететінін айта кету керек.

– Тараптар сот отырысына аудио-бейне байланыс (Zoom, WhatsApp) қосымшасы арқылы сот отырысына қосылады. Сот отырысының хатшысы процесс жайлы алдын ала ескертеді, процеске қатысушы бағдарламаға кіруді жүзеге асырады және мобильді бейне-конференц-байланыстың жазбасын растауға сұрау салуды қабылдайды. Бұл қосымшаға қосылу үшін қажетті құрал – жабдықтармен мекеме қамтамасыз етіп отыр, – деді мекеменің тәрбие бөлімі бастығы Мағжан Әбдімажитов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру