Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында теріс діни ағым жетегінде кеткен сотталғандарға тренинг өткізілді

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторында теріс діни ағым жетегінде кеткен сотталғандарды тәрбиелеу процесінің бір бағыты ретінде психологиялық жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы тұрғыда неғұрлым тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін мекемеге Қызылорда облыстық Қоғамдық даму басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маман инспекторы  Қарлығаш Қойшыбаева шақыртылды.

Тәжірбиелі маман мекемедегі тероризм және экстремизм баптары бойынша сотталған азаматтарымен “Бостандық белестері” деген тақырыпта бірнеше тренинг өткізді. Өткізілген тренингтердің мақсаты – сотталғанның өзін-өзі танып, жеке басындағы кемшіліктері мен артықшылықтарын саралап, оның дамуын, жұмыс қабілеттілігін бағалау, айналасындағы адамдармен және отбасымен қарым-қатынасты дұрыс бағытта жалғастыру.

Алғашқы тренинг “Менің есімімнің тарихы” деп аталды. Яғни, әр адам өзінің есімін кім қойды? Неге бұлай атағанын айтып шықты.

– 9 мамыр – Жеңіс күніне орай атам есімімді Жеңіс деп қойыпты. Жылда бұл мереке күні біздің қара шаңыраққа барлық ағайын жиналып, қуанышқа бөленетінбіз, – деп Ж. есімді сотталған бостандықтағы күндерін еске алды.

Екінші “Ертегі кейіпкерлері” деп аталатын тренингтің шарты бойынша сол бір балалық шақта оқыған ертегілеріндегі ұнамды кейіпкерлерін айтып шығу керек болатын.

– Менің есімде әдебиет сабағындағы “Толағай” ертегісі қалыпты. Онда қуаңшылық көрген жұртына тауды көтеріп әкеліп, жаңбыр жаудырған алып бала Толағайдың ерлігі ұнайды, –  деп жеткізді ойын Е. есімді азамат.

Үшінші “Әке бағыты” деп аталатын тренингтің шарты бойынша бір сотталғанның көзін жаппай, қалғандарының көздерін байлап, алдыңғы “әкелерінің” соңынан еріп жүрулері керек болатын. Әкенің міндеті – балаларын кедергілерден аман алып шығу. Әке рөлінде топ бастап жүрген С. есімді сотталған қандай сезімде болғанын айтып берді.

– Бүгінгі тренингте әкемді еске алып, неге дұрыс жолмен жүрмедім екен, айтқан ақылдарын тыңдағанда сотталмас па едім деген ой маза бермеді, – деп өкінішін жеткізді сотталған С.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру