Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Менің ата-анам – полицей” байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының “Медиа-орталығы” ЖШС Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай “Менің ата-анам – полицей” атты балалар байқауын жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл байқауға әр өңірдегі ішкі істер органдарында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалары қатыса алады.

Атап айтқанда, байқау “Үздік сурет”, “Үздік шығарма” атты екі номинация бойынша жүргізіледі.

Байқауға ұсынылатын жұмыстар sakshy@mediaovd.kz, na_strazhe@mediaovd.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Суретті салуда қолданылатын материалдарға шектеу жоқ (қағаз, картон, кенеп және акварель, сия, түрлі-түсті қарындаш, акрил, гуашь). Сонымен бірге, қолмен жазылған шығармалар мәтіні түсінікті болуы қажет. Суреттері немесе шығармасы ұсынылған байқауға қатысушының аты-жөні, жасы, қай өңірден екені және ішкі істер органдарында қызмет ететін әкесінің немесе анасының аты-жөні, лауазымы туралы ақпаратты жіберуі міндетті.

Ұсынылған суреттер мен шығармалар 2022 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.

Байқаудың жеңімпаздары жүлделі орындарға сәйкес І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сондай-ақ, үздіктер туралы арнайы бейнеролик түсіріліп, медиа-ресурстар мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталады.

Іс-шараның мақсаты – тәрбиенің отбасынан бастау алатындығын тәртіп сақшыларына түсіндіру, ал балаларына полицей әке-шешелерінің ерен еңбегін ұғындыру. Осы байқау арқылы полицейлер отбасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, балалардың әке мен анасының еңбегіне деген құрметін арттыра түсу көзделеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру