Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

Елордалық ҚАЖД-да Қазақстан полициясы күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Елордалық ҚАЖД-да Қазақстан полициясы күніне орай мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясына 30 жыл толуына байланысты 24 маусым Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментінде мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараны қалалық ҚАЖ департаментінің бастығы Даулет Рақымбеков құттықтау сөзімен ашты. Ол жеке құрамның назарына және іс-шараға келген қонақтар мен ардагерлерге ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау сөзін және Қазақстан полициясына үлкен сенім артатынын жеткізді.

– Құрметті ардагерлер, қонақтар мен әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке ішкі істер органдары қызметкерлерінің құрметі мен кәсіпқойлығына, құқық тәртібін қорғаушылардың көптеген ұрпақтары негізін қалаған Отанға және халыққа қызмет етудің үздік дәстүрлеріне құрмет. Ардагерлерімізге жас қызметкерлерді тәрбиелеуге қосқан қомақты үлесі үшін ерекше алғысымызды білдіреміз, – деді Дәулет Рақымбеков.


Мереке барысында үздік қызметкерлер ҚР ішкі істер министірінің құқығымен “Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен
, “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төс белгісімен, Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар қызметкерлер ҚАЖ Комитетінің төрағасының құқығымен алғыс хатпен марапатталды. 


Сонымен қоса, Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай белсенді түрде бірлесіп қызмет атқарғаны үшін департамент бөлімшелерінің қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Полиция департаментінің бастығы М.Түлебаевтың, ҚР Ішкі істер министірінің орынбасары Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Е.Ботақановтың құқығымен марапатталды.
 

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тауып, эстрадалық әндер шырқалды. Сонымен қатар, департамент қызметкерлерінің құрамынан құрылған хордың орындауында “Сарбаздар”, “Бозторғайым” патриоттық әндер орындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру