Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де цифрлық форматта шен берілген алғашқы қызметкерлерге погондар табысталды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов цифрлық форматта кезекті шенге ие болған ведомствоның орталық аппаратының 8 қызметкеріне погондар табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Мемлекет басшысының ІІМ мемлекеттік аппаратын бюрократиясыздандыру туралы тапсырмасын орындау аясында кадрлық үдерістерді цифрландыру бойынша шаралар қабылдануда.

Бұл қызметкерлерді қағазбастылықтан арылтуға және кадрлық қызметтің акценттерін бейінді міндеттерге ауыстыруға мүмкіндік береді: қызметкерлерді дамыту мен ынталандыру, олардың құқықтарын қорғау, меритократия қағидатын қамтамасыз ету және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды арттыру.

Осындай шаралардың бірі кезекті шендерді беру процесін автоматтандыру болып табылады.

“Қызметкер өзінің кезекті шенін алу үшін бірнеше кезеңнен өтуге тиіс болатын. Бүгін біз осы әкімшілік кедергілерді толығымен жойып, цифрлық форматқа көштік. Жаңа жүйеде тиісті мерзім жеткенде кезекті шендер автоматты түрде беріледі”, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Айта кету керек, дебюрократизация мен цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар жеке құрамды ауыртпалықтан арылтып, жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру