Қызылорда облысында «Учаске» іс-шарасы барысында 746 әкімшілік хаттама толтырылды
Қызылордада «Учаске» іс-шарасы барысында 746 әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысында 16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр. Іс-шара аясында қызылордалық полицейлер қала аумағында орналасқан 12219 үйді тексерді. Оның ішінде көпқабатты үйлердің пәтерлері – 5626, жеке меншік үйлер – 6605.
Жалға берілетін 284 пәтер тексерілді. Қызылорда қаласы полиция басқармасының профилактикалық есебінде тұрған 817 азаматпен мекенжайлары бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Азаматтық қаруы бар 1214 тұрғын тексерілді.
Сонымен шара барысында учаскелік полицейлер 746 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Қазіргі танда, учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аймақтарында қызметті жалғастырып жатыр.