Сарыағашта 1,5 млн теңгенің малын ұрлап, сатқан күдіктілер ұсталды
Сарыағашта 1,5 млн теңгенің малын ұрлап, сатқан күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаштық полицейлер жайылымнан бір отар қойды қолды еткен екі күдіктіні ұстады. Олардың бір түн ішінде мал жайылымынан 30-дан аса қойды көлікке тиеп әкеткені белгілі болды.
Күдіктілер ұрланған қойларды 15-20 мың теңгеден сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңге.
Тәртіп сақшылары бұдан бөлек олардың дәл осындай мал ұрлығына қатысты 5 фактісін анықтады. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.