Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі 9 сотталған қамауға алынды

Қызылорда облысында жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі 9 сотталған түзеу мекемесіне жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде аудандық, қалалық пробация қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Жиынды пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының бас маманы Ғ.Құлманов жүргізді. Күн тәртібінде пробация есебіндегі сотталғандармен құқық бұзушылық профилактикасы бағытында атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар кеңінен талқыланды.

Қазіргі таңда аудандық, қалалық прорбация есебінде мыңнан астам сотталған есепте тұр. Жыл басынан пробация есебіндегі 30 сотталғанның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін іс-құжаттары пробация инспекторларымен сотқа ұсыныс жолданған. Олар сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеуден жалтарып, бірнеше рет әкімшілік хаттама толтырылған.

Ұсыныс сот қаулысымен қанағаттандырылып, 9 сотталған жазасының өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде өтеуге жіберілді. Сонымен қатар екі сотталғанның жаза мерзімі ұзартылған. Пробация есебіндегі сотталғандармен үздіксіз профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олардың мекенжайынан күнделікті тексеру және профилактикалық түсіндерме жұмыстары жүргізіледі.

– Жыл басынан бір облыстық, сегіз аудандық профилактикалық шара өтті. Басты мақсатымыз – қайта жасалынуы мүмкін қылмыстың алдын алу, есептегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, – дейді Ғаламат Құлманов.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша да тоқталып өтіп, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу бағытында түсіндіріп, қызмет барысында қызметтік тәртіпті, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауды атап айтты. Жиын соңында аудандық, қалалық пробация қызметтеріне қайта қылмыстың алдын алу бағытында жұмысты жандандыру үшін нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру