Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының бас полицейі жеке қабылдау өткізді

Қызылорда облысының бас сақшысы Махсудхан Аблазимов жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтарды жеке қабылдау мәселесі – полиция қызметінің басты бағыттарының бірі. Бүгін “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында Қызылорда облысының полиция департаментінде облыстың бас сақшысы Махсудхан Аблазимов кезекті жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға алдын ала жазылған облыс тұрғындары шағымдарымен, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша кеңес алу мақсатында жүгінді. Аблазимов тұрғындардың талап-тілегін мұқият тыңдап, заңға сәйкес түсіндірме берді.

– Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау барысы полиция департаментінің қатаң бақылауында. Әрбір келіп түскен өтініш назардан тыс қалмайды. Бүгін менің қабылдауыма алты азамат келді. Олардың әкімшілік, кадр және қылмыстық істер аясында айтылған барлық уәждері назарға алынып, сол істердің аясында түсіндірмелер беріліп, бақылауға алынды. Азаматтардың әрбір өтініші бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға жазбаша түрде жауап қайтарылатын болады, – деді департамент бастығы Махсудхан Аблазимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру