Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері өткен жылы 277 алаяқтық қылмыстың бетін ашты

Қызылорда облысының полицейлері өткен жылы 277 алаяқтық қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы Қызылорда облысының полициясы алаяқтық дерегі бойынша 277 қылмыстың бетін ашты.

Мәселен, 2022 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтардың екі тобын қолға түсірді. Олар азаматтарға белгісіз нөмірден телефон шалып, жақындарына көмек сұрап, SMS хабарламалар жіберумен айналысқан.

Өздерін банк, мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, шоттарындағы ақшаларды алаяқтық жолмен иемденіп отырған.

Осыған байланысты 35 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды. Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

– Бейтаныс азаматтарға жеке деректерді жібермеңіз. Алаяқтар қай уақытта болсын түрлі айлаларды пайдаланады. Сондықтан қандай да бір күдік пайда болған жағдайда дереу “102” нөміріне хабарласқаныңыз жөн. Алаяқтардан сақ болыңыздар, – деп ескертеді Қызылорда облысы бойынша ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру