Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының ҚАЖ департаментінде қызметтің негізгі бағыттары талқыланды

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 9 айдағы жұмысты қорытындылауға арналған жедел кеңес өтті. Жиынға департамент бастығының міндетін атқарушы Жәнібек Зиябеков төрағалық етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынды Жәнібек Зиябеков ашып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі мен ҚАЖ комитеті басшылығының ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша алқа мәжілісінде қойған талаптарын жеке құрамға жеткізді.

Жедел кеңеске ҚАЖ департаменті мен оған қарасты мекемелердің басшылары, қалалық және аудандық пробация қызметтерінің бөлім бастықтары, сондай-ақ РМК "Еңбек-Қызылорда" басшылығы қатысты.

Кеңес барысында ҚАЖ департаментінің жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары талқыланды. Талдау және стратегиялық жоспарлау тобының бас маманы Элвира Даутбаева жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар және пробация қызметінің қызметі туралы баяндады.

Сонымен қатар №37, №60 және №68 мекемелердің басшылары тоғыз айда атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы есеп берді.

Жиын қорытындысы бойынша департамент бастығының міндетін атқарушы мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту, жазасын өтеушілермен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарды жандандыру, тыйым салынған заттардың мекемелерге кіргізілуінің алдын алу, сондай-ақ жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау бойынша нақты тапсырмалар берді.

Пробация қызметтерінің басшыларына есепте тұрған азаматтардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру