Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының тұрғынынан заңсыз сақталған аңшы мылтығы алынды

Қызылорда облысының тұрғынынан заңсыз сақталған аңшы мылтығы алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдттік іс-шаралар барысында 10 мамыр күні сағат 11:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен қызмет атқару барысында 50 жастағы ауыл тұрғынының үйінде ІІО тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, бір ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру