Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда ҚАЖД қызметкерлері Ғазиз Байтасовты бір минут үнсіздікпен еске алды

Қызылорда ҚАЖД қызметкерлері Ғазиз Байтасовты бір минут үнсіздікпен еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2011 жылғы 12 қараша – ішкі істер органының қызметкері, Жамбыл облыстық ІІД жол патрульдік полициясы жеке батальонының бірінші взводының командирі, полиция капитаны Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза болған күн.

Осыған орай, бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовты бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жиын барысында Қызылорда облысы облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары М. Нәкенов Халық қаһарманы Ғ.Байтасовтың өмір жолы, атқарған қызметі, ерлігі туралы құнды деректермен бөлісіп, қызметкерлердің патриоттық сезімін арттырып, антына адал болуға, қызметтік міндеттін абыроймен атқаруға шақырды.

Одан соң қызметкерлерге Ғазиз Байтасовтың қанды қол қылмыскерді ұстау кезіндегі ерен ерлігі туралы бейнеролик көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру