Қызылорда тергеу изоляторында Абайдың 176 жылдығына орай іс-шара өтті
Қызылорда тергеу изоляторында Абайдың 176 жылдығына орай іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
А. Құнанбаевтің туған күніне орай ЗК-169/1 тергеу изоляторында АКАӘПТЖБ-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Абайды оқы, таңырқа" деген тақырыпта іс-шара өтті.
Сотталғандар ақынның өмір жолы мен шығармалары жайында жан-жақты ой қозғады. Олардың бірі өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі қара сөздерінің мағынасына бойлап, өз-өзін танып білді. Тіптен бір сотталған М.Әуезовтың "Абай жолын" романын оқығанын айтып, алған әсерімен бөлісті.
- "Абай жолы" романын екінші рет оқыдым. Өйткені мұнда бос уақытым көп. Романдағы Құнанбай образы ұнады. Абай жолы - қазақтың жолы екенін білдім. Бұл эпопея халқымыздың бүкіл салт-дәстүрін насихаттайды екен. Бейне бір тарихи сериал көргендей әсерде жүрмін, - деп С. есімді сотталған.