Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны полицейлерге жедел қызметі үшін алғыс білдірді

Қызылорда тұрғыны полицейлерге жедел қызметі үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының атына қала тұрғынынан алғыс хат келіп түсті.

​Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұрғыны Тасбөгет полиция бөлімі бастығының орынбасары Еркін Тұрбаевқа және аға жедел уәкілі Жандос Жұптыбаевқа қылмысты ашуда жедел әрекет еткені үшін алғыс білдірді.

Белгісіз біреу 2022 жылдың қыркүйегінде үй ауласында тұрған ресейлік нөмірлі ВАЗ-2111 автокөлігін айдап әкеткен. Полицейлердің кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында күдікті тез арада анықталып, Ақтөбе қаласында ұсталды. Ұрланған автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру