Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері “синтетиканың” аса ірі партиясын тәркіледі

Абай облысының полицейлері “синтетиканың” аса ірі партиясын өткізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Абай облысы ПД-ның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді.

Сонымен қатар жалдамалы тұрғын үйді тінту барысында облыс орталығының 25 жастағы тұрғынынан ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 84 ZIP-пакет пен бір полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ пәтерде таразы, өлшеуіш қасық және есірткіні өлшеп орауға қажетті заттар табылды.Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 770 грамнан асатын мефедрон психотроптық заты екендігі анықталды. Бұл жағдайда тәркіленген есірткі құралдарының саны 1540 бір реттік дозадан асады, олардың қара нарықтағы құны 20 млн теңгені құрайды.

– Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясымен 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру