Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында құны 19 млн теңгені құрайтын этил спирті бар заңсыз қойма анықталды

Жамбыл облысында құны 19 млн теңгені құрайтын этил спирті бар заңсыз қойма анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қаңтарда полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, Меркі ауданы Қостоған ауылының шекара маңында орналасқан шаруа қожалығынан заңсыз сақталған этил спиртін анықтады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қойма ретінде жабдықталған сарайда көлемі 1 тонна болатын 8 бөшкедегі 8 мың литр этил спиртін тауып, тәркіледі.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігі (Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, контейнерлерден алынған үлгілер тамақ шикізатынан тазартылған этил спирті екендігі анықталды.

Құрамында спирті бар 8 мың литр өнімнің нарықтағы құны орташа есеппен 19,2 млн теңгені құрайды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері шаруа қожалығының 51 жастағы иесін анықтады. Қазіргі уақытта істің толық мән-жайларын анықтау бойынша тиісті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру