Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны жалған нөмір тағылған көлікпен жол қозғалысы ережелерін 55 рет бұзған

30 жастағы Қызылорда тұрғыны жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып, автокөлік басқарып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 наурыз күні Қызылорда облысының ПД ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің қызметкерлері мен қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторлары 30 жастағы қала тұрғыны басқарып жүрген “Хюндай” автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік нөмір тағылғанын анықтады.

Тексеру барысында аталған жүргізушінің 55 рет жылдамдық режимін бұзғаны анықталды, оның құқық бұзушылықтары “Аркан” автоматты жүйесінің көмегімен тіркелген, осыған дейін құқық бұзушыға жылдамдық режимін бұзғаны үшін 1 млн 73 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігімен (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды және жиналған құжаттар Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру