Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көлік тонаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды

Алматыда қала орталығында көлік тонаумен айналысқан үш күдікті  құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

39 бен 42 жас аралығындағы үш ер адам тұрақта тұрған көліктерді тонаумен айналысқан. Әдетте, зиянкестер өздерінің қылмыстық  әрекеттерін түнгі немесе кешкі уақытта жасаған. Іс материалдары бойынша бір жәбірленушінің көлігінен шамамен бір миллион теңге ұрланған.

– Сол күні кешке қылмыстық топ мүшелері құрықталды, олардан айғақ заттар алынды. Олар жолда, жол жиегінде тұрған көліктерді тонаумен айналысқан. Қылмыстық топ көлікпен жүргендіктен,  олардың тез қимылдауы мүмкін болған. Олар көліктің терезесін сындыру арқылы салонына еніп, сатылуы мүмкін барлық заттарды қолды қылған. Осы орайда автокөлік иелеріне бағалы заттарды және көп ақшаны көлікке қалдыруға болмайтынын ескертеміз. Ақшаны, гаджеттер немесе әмияндар мен сөмкелерді, тіпті іші бос болса да, көрінетін жерде қалдыру ұрылардың қызығушылығын арттырады. Сізден ештеңе ұрланбаса да, сынған әйнек шығынға батырады. Сондай-ақ, бейнетіркеуіштерді де жасырып қоюды немесе өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынамыз. Қазіргі уақытта осы ұрылардың бес қылмысы дәлелденді, бірақ олардың бұдан бірнеше есе көп қылмыстарға қатысы болуы мүмкін. Ұсталғандардың үшеуі де Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, –  деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру