Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 54 сотталған кешкі мектепте білім алады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60, 37 мекемелерінде сотталғандарға жалпы орта білім беру үшін кешкі мектеп жұмыс жасайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда екі мекемеде жалпы орта білімі жоқ, 30 жасқа толмаған 54 сотталған бар. Жаңа оқу жылында 54  жазасын өтеуші партаға отырды. Олар 8, 9, 11-сынып оқушылары атанды.

Бұл сотталғандарға бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің “Қызылорда қаласының жалпы білім беретін кешкі мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдері сабақ береді. Пән мұғалімдері сабақ кестесімен таныстырып, білімді болу үшін сабақты жақсы оқу керектігін жеткізді.

– Менің жасым – 27-де. Менің құрдастарым 10 жыл бұрын мектеп бітірген. Мектепті 8-сыныптан соң оқымай, тастап кеттім. Әріп танып, санды қосып-алуды білсем болды деп келгендіктен бе, көшенің өмірі қызығырақ көрінетін. Сол қызығушылығым өзіме кесір болып келетінін білмеппін. Енді өкінгеннен өзгерер ештеңе жоқ. Мекемеде әр күнімді төрт қабырғаға қараумен өткізбей, білім алуға шешім қабылдадым. 9-сыныпқа қабылданып жатырмын. Бостандыққа шыққан соң жоғары оқу орнынан тапсыру үшін орта білімің туралы құжатың керек екендігін білдім. Бостандыққа шыққаннан кейін кешкі мектепте алған білімімді әрі қарай жалғастырамын, – дейді жазасын өтеуші.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру