Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 600-ден астам адам пробация есебінде тұр

Қызылордада 600-ден астам адам пробация есебінде тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есепке алынған сотталғандардың ішінде кәмелеттік жасқа толмаған 5 жасөспірім бар. Бүгін осы кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының қатысуымен пробация тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиынды қалалық пробация қызметінің бастығы Д.Садуақасов ашып, қазіргі таңда жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың көбейіп бара жатқандығын алға тартып, оларға сотпен жүктелген міндеттерді орындауға, ата-аналарын тыңдап, пробация қызметінің тарапынан ұйымдастырылатын спорттық шараларға қатысуға шақырды.

Сонымен қатар пробация бастығы жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына аймақ инспекторларын таныстырып, күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілетінін де атап өтті. Жиын барысында ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, заң талаптарына сай жауаптары берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру