Қызылордада 90 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды
Қызылордада қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 90 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу - полиция қызметінің басым бағыттарының бірі.
Кәмелетке толмағандар мен жастарға қарсы және олармен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты тұрде "Жасөспірім", "Балалар түнгі қалада", "Ата-ана. Жасөспірім.Көше", "Тұрмыс", "Квадрат", "Учаске" жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.
Іс-шаралар нәтижесімен қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 90 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылса, балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған 39 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, түнгі уақытта (сағат 23:00-ден кейін) заңды өкілісіз жүрген 1246 жасөспірімнің ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылды.