Қызылордада «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Қызылорда облысының аумағында 21-23 қазан аралығында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағында 21-23 қазан аралығында автомобиль жолдарындағы жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында «АВТОБУС» жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шара аясында облыс жолдарында Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, рейс алдында жүргізушілердің медициналық байқаудан өтуін қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жоспарлануда.