Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада екі күн ішінде есірткі затын сақтаған 14 тұрғын анықталды

Қызылордалық полицейлер екі күн ішінде есірткі затын заңсыз сақтаған 14 тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.      

3 – 4 мамыр күндері аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында есірткі затын сақтаған облыс орталығының 14 тұрғыны ұсталды.

Тексеру барысында, шамамен 26 – 45 жас аралығындағы облыс тұрғындарынан жасыл түсті өзіне тән иісі бар шөп тәріздес зат анықталған. Сараптама қорытындысы бұл заттардың “марихуана” есірткі заты екендігін бекіткен.

Қазіргі уақытта барлық деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен сiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп – тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру