Қызылордада ішкі істер органдарына 98 жасөспірім жеткізілді
Қызылордада «Жасөспірім» шарасының екі күнінде ішкі істер органдарына 98 жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Басты мақсат – кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау, олармен және оларға қарсы қылмыстың жасалуына жол бермеу.
Іс-шара аясында білім беру орындарында жасөспірімдермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түнгі уақытта білім беру мекемелері мұғалімдерінің және ата-аналар комитеттері мүшелерінің, денсаулық саласының қызметкерлері, ішкі саясат бөліністерінің жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.
Екі күнде әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін ішкі істер органдарына 98 кәмелетке толмаған бала жеткізілсе, тоғыз кәмелетке толмаған қадағалаусыз және панасыз жүргендері үшін облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды. Ішкі істер органдарына жеткізілген 98 баланың 89-ы түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүргендер, тоғызы ұсақ бұзақылық жасаған кәмелетке толмағандар.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) 3 дерегі анықталып, әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Жеткізілген барлық кәмелетке толмағандардың және олардың ата-аналарымен профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.