Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көліктерден аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды

Қызылордада көліктерден аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​Қызылорда қаласының аумағында 20-23 мамыр аралығында автокөлік құралдарын ұрлау мен айдап әкетуге қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған “Автокөлік” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында Қызылорда қаласы полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне жергілікті екі тұрғыннан аккумуляторларды ұрлау туралы арыз келіп түсті. Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреу Kia Credos және Ваз 21074 көліктерінен аккумуляторын ұрлап, материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері бұрын сотты болған 25 жастағы азаматты ұстады. Тергеу барысында ұрланған мүлікті ұры ақшасын өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды.

​Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ол Қызылорда қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру