Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас күйінде көлік басқарған азамат ұсталды

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қарашада сағат 16:20-да Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Автокөлікті 32 жастағы облыс тұрғыны басқарып келе жатқан.

Тексеру барысында бұл азаматтың 2017 жылғы 28 қарашада  3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіргені анықталды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сл сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)   сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру