Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебінде сотталған жұмысқа тұрғызылды

Қызылордада пробация есебінде сотталған жұмысқа тұрғызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және өзге де әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Соның нәтижесінде бүгін пробация есебіндегі 38 жұмыссыз сотталған жұмысқа орналастырылды. Жеке кәсіп ашамын деген пробация есебіндегі адамдарға мемлекеттен қаржылай қолдау көрсетілуде.

Пробация есебіндегі С.есімді ер адам жеке кәсібін ашып, өзі секілді шалыс басқан адамдарды жұмыспен қамтып отыр. Ол “Денсаулыққа қасақан ауыр зиян келтіру” бабымен істі болып, үш жыл шартты түрде сотталып, наурыз айында пробация есебіне алынған. Сотты болғанға дейін ол  жеке кәсіппен айналысқан. Қазіргі таңда кәсібін одан әрі кеңейтіп, есептегі жұмысссыз сотталғанды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру