Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі 11 азаматтың пробациялық бақылау мерзімі ұзартылды

Қызылордада пробация есебіндегі 11 азаматтың пробациялық бақылау мерзімі ұзартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша аудандық және қалалық пробация қызметтерінде 1000-нан астам азамат жазасын өтеп жатыр. Олар пробация тіркелген күннен бастап, пробация қызметінің бақылауында болып, сотпен жүктелген міндеттер мен жаза өтеудің шарттарын сақтау қажет. Есептегі тұлғалар арасында жаза өтеудің тәртібін бұзып, тіркеуге келмей, әкімшілік құқықбұзушылық жасағандар да бар. Есептегі тұлғаларға пробация қызметінің инспекторларымен ескертулер беріледі. Жыл басынана 109 сотталғанға екі реттен көп ескерту берілген.

ҚАЖ департаментінің пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының бас маманы Ғаламат Құлмановтың айтуынша, 11 сотталғанның пробациялық бақылау мерзімі ұзартылған. Олар сотпен жүктелген міндеттерді орындамай, белгіленген күндері тіркеуге келмей, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған. Пробация қызметімен олардың құжаттары дайындалып, пробациялық бақылау мерзімі н ұзатру туралы сотқа ұсыныс жолданады. Сот қаулысымен пробациялық бақылау мерзімін 1 айдан 1 жылға дейін ұзартады. Жуырда есептегі пробациялық бақылауда бола тұра әкімшілік құқық бұзушылық жасаған есептегі тұлғаның жаза мерзімі, сот қаулысымен 1 айға мерзімге ұзатылды.

Есептегі тұлғалармен профилактикалық жұмыстардың жүргізілгеніне қарамастан, қайта қылмысқа барып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да кездеседі. Есептегі азаматтар арасында сот жүктеген міндеттерді орындамай, тәрбиелік жұмыстардан нәтиже шығармай, пробация инспекторларының ескертулеріне құлақ аспаған азаматтарды пробация қызметінің ұсынысы негізінде сотқа жолданады.

– Сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберіледі. Жыл басынан пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған 34 сотталған жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын айыруға ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберілді, – дейді Ғаламат Құлманов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру