Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД бастығы патрульдік полиция батальондарының жеке құрамымен кездесу өткізді

СҚО ПД бастығы патрульдік полиция батальондарының жеке құрамымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов облыстық және қалалық патрульдік полиция батальондарының командирлері мен жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізді.

Қаланың патрульдік полиция офицерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін күзетеді; жоғары кәсібилік пен батылдықты талап ететін барлық қауіп-қатерлерге бірінші болып келеді. Нәтижесінде – өрттерде, су айдындарында және басқа да төтенше жағдайларда адамдарды құтқарғаны үшін лайықты “Ерлігі үшін” мемлекеттік наградаларына нақ осы қызметкерлер ие болады. Облыстық батальон қызметкерлері қала сыртындағы жолдарды патрульдеумен қатар кез келген ауа райында автобустардың жүргізушілері мен жолаушыларына ауа райының қолайсыздығынан, бұзылулардан және басқа да тұрақсыз жағдайларға тап болуында көмектеседі.

Жеке құраммен және батальондар мен взводтардың командирлерімен әңгімелесу барысында Айдын Қабдұлдинов қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ әрбір жеке алынған қызметкер қызметінің тиімділігіне назар аударды. Ерекше назар – тәртіпті қатаң сақтауға аударылды. Патрульдік полиция қызметкерлері – әрқашан халық алдында жүргендіктен олардың іс-әрекеттері мен жүріс-тұрыс мәдениеті бойынша адамдар тұтастай алғанда бүкіл полицияға баға береді. Сыбайлас жемқорлыққа, қызметке немқұрайлы қарауға жол бермеу – осының барлығына облыстық полиция басшысы ерекше назарға алуды тапсырды.

Петропавл қаласы полиция басқармасының жол патрульдік полиция қызметіне үміткерлерді қабылдау жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерінің қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысы үнемі ұлғайып отырады. Петропавл қаласы полиция басқармасының ЖПП қызметке кандидаттарды қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полиция қызметкерлерінің қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысы ұлғаятын тұрақты және уақытылы жалақысы болады; сондай-ақ сауықтыруға жәрдемақы алады, мансаптық өсуі бар. Орта және аға басшы құрамдағы лауазымдарға 35 жасқа дейінгі, бойы 170 см-ден төмен емес арнаулы орта және жоғары заң білімі бар үміткерлер қабылданады. Жұмысқа орналастыру туралы толық ақпарат алу үшін қалалық полицияға мына мекенжай бойынша жүгіну қажет: Петропавл қаласы, Жұмабаев көшесі, 118 немесе 8 (7152) 50-12-52 телефоны бойынша.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру