Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі әйел ағылшын тілін оқыту орталығын ашты

Қызылордада пробация есебіндегі әйел ағылшын тілін оқыту орталығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада алаяқтықпен істі болған, қалалық пробация есебінде тұратын әйел “Атамекен” ҚР ҰКП-ның “Бизнес Бастау” жобасы  шеңберінде мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды. Ол қайтарымсыз грантқа қол жеткізу үшін “Кәсіпкерлік негіздері” курсын тәмамдап, бизнес жоспар құрып, нәтижесінде комиссия шешімімен бизнес жоспары мақұлданып, мамыр айында 583 400 теңге көлеміндегі қаражатқа қол жеткізді.

Қазіргі таңда әйел қаражатқа ағылшын тілін дамыту орталығын ашып, балаларды қабылдау жұмыстарын жүргізуде.

Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Г. Жылкаманованың айтуынша, “Атамекен” ҚР ҰКП-ның “Бизнес Бастау” жобасы  бойынша жыл басынан бастап, пробация есебінде тұрған 14 сотталғанды кәсіпкерлік негіздерінде білімін жетілдіруге арналған тегін оқу курстарына жолдаған. Оның ішінде екі адам курсты толық аяқтап, біреуі ағылшын тілін оқыту орталығын ашса, екіншісі “Сурет шығару орталығын” ашсам деп, бизнес жоспарын дайындауда.

– 2019 жылдан бері пробация есебінің бақылауындамын. Пробация қызметкерлері тарапынан әлеуметтік-психологиялық көмек түрлері көрсетіледі. Жұмыс жасап, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер берілуде. Жеке кәсібімді ашсам деген ұсынысымды пробация қызметкерлеріне жеткізгенмін, пробация қызметкерлерінің қолдауымен мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алдым. Ойлана келе, ағылшын тілін оқыту орталығын аштым. Өйткені мамандығыма сай келеді. Қазіргі уақытты балаларды қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деді есептегі әйел.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру