Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі жасөспірімдерге шеберлік сағаты өтті

Қызылордада пробация есебіндегі жасөспірімдерге “Арт класс” шеберлік сағаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық жастар ресурстық орталығында Қызылорда қалалық пробация есебіндегі кәмелетке толмаған есептегі жастарға қылқалам және акварель көмегімен табиғат пейзажының суретін салудан “Арт класс” шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Шеберлік сағатына қатысқан жасөспірімдер кәсіби суретші болмаса да бар ынта жігерімен табиғатты суреттеп салды.

– Сурет салуды бала күнімнен жақсы көремін. Бүгінгі жарысқа қаламыздың әдемі жерлерін суреттеп салдып, жеңімпаз атандым. Жалпы спорттық шараларға да жиі қатысатынмын. Жастықпен, білместікпен жасаған іс-әрекетіме өкінемін. Бүгін ойымыз бөлініп, бір серпіліп қалдық. Облыстық жастар ресурстық орталығы мамандары мен Қызылорда қалалық пробация қызметіне алғысымыз шексіз, – деді есептегі жасөспірім.

Сонымен қатар шарада аталмыш жастар киберспорт ойынынан сайысқа түсіп, жеңіске жеткен ойын жеңімпаздарына арнайы алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру