Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер еріктілердің әрекеті туралы жалған ақпарат таратқан қала тұрғынын жауапқа тартты

Полицейлер Петропавлда еріктілердің әрекеті туралы жалған ақпарат таратқан әйелді жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда 47 жастағы әйел әкімшілік ғимараттардың бірінің артындағы аумақта азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды тиеп жатқан еріктілерді видеоға түсіріп алған. Волонтерлар гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген ой келген. Бірақ бұл күдігі туралы бірден полицияға емес, WhatsApp желісіндегі топқа хабарлаған. Өзі және басқа адамдар бар топтағы бейнежазба әп-сәтте TikTok желісіне тарап кеткен.

Осылайша, облыс орталығының тұрғыны жалған ақпараттың тарауына жол берді. Мұны СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады. Өңірде су тасқыны басталғалы бері жалған ақпараттың таралуының жолын кесу мақсатында тәртіп сақшылары интернет-кеңістікті бақылауды күшейтті.

Полиция қызметкерлері “азық-түлік ұрланып жатыр” деген хабарламаны тексерді. Шын мәнінде, тиеліп жатқан жүк Есіл өзенінің тасуынан зардап шеккен Қызылжар ауданының Большая Малышка ауылына жіберілген. Ойланбастан асығыстық жасаған Петропавл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру