Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында бір күнде 898 құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде 898 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 898 дерегі, оның ішінде автокөлікті мас күйде басқарған 5 жүргізуші анықталды.

Мәселен, іс-шара аясында полиция қызметкерлері Қызылорда облысы Шиелі ауданында жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл автокөлігін тоқтатты. Жеке басын анықтау барысында жүргізуші алкогольді спирт ішімдігін ішіп, масаң күйде болғандығы анықталды.

Тәртіп бұзушы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, автокөлігі айып алаңына қойылды.

– Жол қозғалысының барлық қатысушыларынан қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз орындауды, заңды сақтауды сұраймын! Қарапайым ережелерді сақтау жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Әрдайым естеріңізде болсын, Сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі жолдағы тәртіпке байланысты!, – деп атап өтті Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру