Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сейфтен ақша ұрлаған күдікті қолға түсті

Қызылордада сейфтен ақша ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

21 қазан күні Қызылорда қалалық ПБ кезекші бөліміне ЖШС басшысы арызданған болатын. Жәбірленушінің айтуынша, мекеменің екінші қабатында орналасқан кабинетінде тұрған сейф ішіндегі қаражатын біреу қолды еткен. 

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті азаматша, осы мекеме қызметкері тәртіп сақшыларының қолына түсті. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 200 мың теңгені құрайды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3 тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру