Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жол ережесін бірнеше рет бұзған елорда тұрғыны анықталды

Павлодарда жол ережесін бірнеше рет бұзған елорда тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонына бір жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл уақытта қала тұрғындары да осы бұзушылықтардың бейнежазбасын жіберіп үлгерді.

– Келген бейнематериал зерттеліп, роликтерден Павлодар қаласындағы Н.Назарбаев даңғылымен жүріп келе жатқан автокөлік жүргізушісі жол бөлігін кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге жол бермейтіні, сондай-ақ бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп бара жатқаны және маневр жасау кезінде жол қозғалысының басқа қатысушыларына жарық көрсеткішімен сигнал бермегені байқалады, -деді қалалық патрульдік полиция батальонының командирі Ринат Шәріпов.

Көлік жүргізушісі анықталды. Ол елорданың 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жас жігіт бұл бұзушылықтардың бәрі назардан тыс қалады деп үміттенген сияқты. Алайда енді жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы, 595-бабы және 599-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, оларға сәйкес оған 25 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Ер адаммен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі және жол үстіндегі жоғары тәртіп туралы әңгіме жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру